Тимур Пірназаров америкалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Пірназаров шешуші соққыны 1 минут 38 секундта дәл тигізді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тимур Пірназаров Майамиде өткен бокс кешінде жеңіске жетті.
Жекпе-жек алдында Джейлен Грин қазақстандық боксшыға құрмет көрсетпей, салмақ өлшеу рәсімінде ортаңғы саусағын көрсеткен болатын.
Нокаут бірінші раундта тіркелді
72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз америкалық Джейлен Гринді бірінші раундта нокаутқа жіберді. Пірназаров шешуші соққыны 1 минут 38 секундта дәл тигізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Жекпе-жектен кейін Джейлен Грин рингтен кетер алдында Тимур Пірназаровқа қолын созған. Бірақ қазақстандық боксшы қарсыласының қолын алмады.
Айта кетейік, Тимур Пірназаров кәсіпқой рингте әзірге үш рет өнер көрсетті. Ең қызығы, ол барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Оның қазіргі рекорды — 3 жеңіс, 0 жеңіліс. Үш жеңістің бәрі нокаутпен аяқталды.