"Бетіңді бұзамын". Бразилиялық файтер Жұмағұловқа сес көрсетті (ВИДЕО)
Бразилиялық файтер Игор Северино қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен өтетін титулдық айқас алдында өткір мәлімдеме жасады. Екі спортшы 6 маусым күні Словакия астанасы Братиславада өтетін Oktagon 89 турнирінде кездеседі.
Бұл жекпе-жекте Северино жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.
Северино: "Қолымды сенің бетіңді бұзу үшін қайрап жүрмін"
Игор Северино қарсыласына ашық түрде сес көрсетіп, Жұмағұловтың көп сөйлейтінін айтты.
"Жұмағұлов, сен тым көп сөйлейсің! Мен тісімді емес, қолымды сенің бетіңді бұзу үшін қайрап жүрмін! 6 маусымда Братиславада сені өз дивизионыңа қайтарамын. Чемпион келе жатыр!" — деді Северино.
Жалғас Жұмағұлов үшін бұл кездесу ерекше маңызды. Қазақстандық файтер қазір Oktagon лигасының аса жеңіл салмақ дивизионындағы чемпионы саналады.
Айта кетейік, Игор Севериноның кәсіби рекорды — 10 жеңіс және 1 жеңіліс. Ол Oktagon лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы ретінде қазақстандық файтерге қарсы белбеуін қорғайды.
Ал Жалғас Жұмағұловтың көрсеткіші — 19 жеңіс және 9 жеңіліс.