Америкалық сарапшы Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев жекпе-жегіне болжам жасады

Бас редактор

Оның айтуынша, Шавкат Махачев үшін қауіпті қарсылас болуы мүмкін.

Америкалық сарапшы Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев жекпе-жегіне болжам жасады
Offside.kz

Америкалық MMA сарапшысы Джед Мешью UFC-де ең көп күтілген жекпе-жектердің біріне қатысты ойын бөлісті. Атап айтқанда, ол Шавкат Рахмонов — Ислам Махачев айқа бойынша пікірін білдірді. 

"Шавкат Ислам үшін қауіпті болуы мүмкін"

Джед Мешью қазіргі UFC чемпионы Ислам Махачевті әлемдегі ең мықты файтерлердің бірі деп бағалады. Дегенмен сарапшы Шавкат Рахмоновтың стилі ресейлік чемпионға үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

"Менің ойымша, Ислам Махачев бәрін жеңе береді. Себебі ол — әлемдегі ең үздік файтер. Бірақ Шавкат оған сәл қауіптірек қарсылас болуы мүмкін деп ойлаймын. Бұл керемет жекпе-жек болар еді. Бірақ біз оны көруіміз екіталай, бұл өте өкінішті", — деді Мешью.

Рахмонов рейтингтен неге шығып қалды?

Шавкат Рахмонов бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үздік үштікке кірген. Алайда ұзақ уақыт октагонға шықпауы, жарақаты және қалпына келу кезеңіне байланысты ол рейтингтен шығарылды.