Бек Нұрмағанбет WBA рейтингінен шығарылды

Бас редактор

Руслан Мәдиев пен Елшат Нығметолла бір саты көтерілсе, Сұлтан Зәуірбек төртінші орында қалды.

Бек Нұрмағанбет WBA рейтингінен шығарылды
NUR.KZ

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық бірнеше боксшының орны өзгерді.

Көзге түскен өзгеріс екінші орта салмақта тіркелді. Бұған дейін WBA рейтингінде 11-орында тұрған Бек Нұрмағанбет тізімнен шығып қалды.

Руслан Мәдиев бір саты көтерілді

Жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев позициясын жақсартты. Қазақстандық боксшы тоғызыншы орыннан сегізінші сатыға көтерілді.

Сұлтан Зәуірбек төртінші орында қалды

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек өз орнын сақтап қалды. Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде бұрынғысынша төртінші орында тұр.

Бұл салмақта бірінші орын әзірге бос. Екінші орында Марокко өкілі Мұса Голам, үшінші орында британиялық Джеймс Диккенс орналасқан. Ал WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы — ирландиялық Энтони Какейс.

Жеңіл салмақта WBA Asia белбеуінің иегері Елшат Нығметолла да рейтингте бір саты көтерілді. Ол сегізінші орыннан жетінші орынға шықты.