ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

WBO рейтингі: қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

Роман Фресс жартылай ауыр салмақта бірінші орында қалса, Әли Ахмедов екінші орта салмақта 13-орнын сақтады. 

WBO рейтингі: қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды
Offside.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық боксшылардың позициясында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Германияда тұратын Қазақстан тумасы Роман Фресс жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды.

Екінші орта салмақта қазақстандық Әли Ахмедов бұрынғыдай 13-сатыда қалды.

Жәнібек Әлімханұлы — WBO чемпионы

Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Бұл дивизионда уақытша чемпион атағы Ұлыбритания өкілі Дензел Бентлиге тиесілі. Ал рейтингтің үздік үштігіне кубалық Йоэнлис Эрнандес, америкалық Вито Мельницки-кіші және Польша атынан шығатын Федор Черкашин енген

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.