"Қазақ титаны" WBC белбеуі үшін жұдырықтасатын болды

Футбол шолушысы

Отандасымыз 11 шілде күні Колумбияның Барранкилья қаласында рингке шығады.

"Қазақ титаны" WBC белбеуі үшін жұдырықтасатын болды
NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін жариялады. "Қазақ титаны" лақап атымен танымал отандасымыз 11 шілде күні Колумбияның Барранкилья қаласында рингке шығады. Жұманов WBC International титулы үшін жұдырықтасады.

Қарсыласы — жеңіліп көрмеген венесуэлалық боксшы

Алмат Жұмановтың қарсыласы венесуэлалық Мойсес Самбрано болады. Оның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші — 27 жеңіс, 0 жеңіліс. Самбрано 20 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Айқас екінші орта салмақта өтеді. Жеңімпаз WBC International белбеуінің иегері атанады.

Алмат Жұманов Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. 

"Бұл жекпе жек менің жоғары қарай шығуыма үлкен мүмкіндік. Қарсылас жеңіліс көрмеген, бұл мен үшін мықты жекпе-жек. Бұйырса қолдап кетіңіздер", — деп жазды Жұманов.

Жұманов соңғы жекпе-жегінде титул жеңіп алды

Алмат Жұманов соңғы рет 16 мамыр күні Эквадордың Кито қаласында рингке шыққан. Ол венесуэлалық Фелипе Ларесті техникалық нокаутпен жеңіп, екінші орта салмақта WBC Latino Silver белбеуін иеленді.