"Еркебұлан, қайдасың?": UFC экс-чемпионы Тоқтарға сәлем жолдады (ВИДЕО)
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Энтони Петтис Алматыға келіп, қазақстандық ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтарға қазақ тілінде үн қатты.
Энтони Петтис ерекше сәлем жолдады
Америкалық файтер Қазақстанға Orda Global Fights турнирі аясындағы жекпе-жегіне дайындық үшін келген. Петтис Алматыда уақытын көңілді өткізіп, ұлттық тағамдардан дәм татып жүр.
Сол сәттердің бірінде дастархан басында көпшілікті таңғалдырған сөз айтты. Энтони Петтис қазақша сөйлеп:
“Еркебұлан, қайдасың?” — деп Еркебұлан Тоқтарға сәлем жолдады.
Петтис Алматыдағы турнирдің басты жекпе-жегіне шығады
Еске салайық, 6 маусым күні Энтони Петтис Orda Global Fights турнирінің басты айқасында қазақстандық Әділ Боранбаевпен кездеседі.
Бұл жекпе-жек отандық ММА жанкүйерлері үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Себебі Петтис — әлемдік деңгейде танылған есім. UFC-де чемпион атанып, аралас жекпе-жек тарихында өзіндік із қалдырған.
Энтони Петтис UFC-де қалай чемпион болды?
Энтони Петтис UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін 2013 жылдың тамызында жеңіп алған. Сол кезде Бенсон Хендерсонды қолды ауырту әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп, чемпион атанды.
Кейін чемпиондық атағын Гилберт Мелендеске қарсы жекпе-жекте сәтті қорғады. Бірақ 2015 жылы Рафаэль Дос Аньосқа есе жіберіп, белбеуінен айырылды.
Петтис мансабында жарқын стилімен, күтпеген шабуылдарымен және әсерлі фиништерімен танылды. Сол үшін оған “Showtime” лақап аты берілген.