Нокаутпен жеңген қазақстандық чемпионның келесі айқасы жарияланды

Бокс шолушысы

Руслан Мадиев соңғы кездесуін 4 сәуір күні Таиландтың Бангкок қаласында өткізген еді. 

Нокаутпен жеңген қазақстандық чемпионның келесі айқасы жарияланды
Sportnews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиевтің (19-2-1, 7 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды. Отандасымыз рингке 25 шілде күні оралады. Былғары қолғап шебері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Турнир Али Ахмедовтың промоушені аясында ұйымдастырылады.

Десе де, Мадиевтің кімге қарсы жұдырықтасатыны белгісіз. Қарсыласының есімі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы Али Ахмедовтың (25-2, 17 КО) жекпе-жегі болмақ. Оның қарсыласы да әзірге белгісіз.

Руслан Мадиев соңғы кездесуін 4 сәуір күні Таиландтың Бангкок қаласында өткізді. Сол жекпе-жекте ол франциялық Флоран Дервиді (14-4, 10 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы атағын қорғап қалған еді.