"Бір белбеу жеткіліксіз". Жалғас Жұмағұлов титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады

Футбол шолушысы

37 жастағы спортшы 6 маусым күні бразилиялық Игор Севериноға қарсы октагонға шығады.

"Бір белбеу жеткіліксіз". Жалғас Жұмағұлов титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады
Offside.kz

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасындағы екінші чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлерге үн қатты.

37 жастағы спортшы 6 маусым күні Словакия астанасы Братиславада бразилиялық Игор Севериноға қарсы октагонға шығады.

"Бір белбеу жеткіліксіз"

Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы айқасқа қатысты қысқа, бірақ сенімді мәлімдеме жасады.

"Бір белбеу жеткіліксіз. Сенбіде кездескенше. Иншаллах", — деп жазды Жұмағұлов.

Бұл сөздер қазақстандық файтердің екінші чемпиондық атақ үшін барын салуға дайын екенін көрсетті.

Жалғас Жұмағұлов қазіргі таңда Oktagon ұйымының аса жеңіл салмақтағы чемпионы. Егер ол Севериноны жеңсе, ұйым тарихындағы қос чемпиондардың қатарына қосылады.

Қарсыластардың рекорды қандай?

Жұмағұлов бұл жекпе-жекке 19 жеңіс және 9 жеңіліс көрсеткішімен келеді. Бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Oktagon лигасында чемпиондық деңгейге қайта көтерілді.

Ал Игор Севериноның кәсіби рекорды — 10 жеңіс және 1 жеңіліс. Бразилиялық файтер өз белбеуін қорғауға шығады.