Қаршыға Дәуітбектің келесі қарсыласы белгілі болды
Жекпе-жек 18 шілде күніне жоспарланған.
Қазақстандық ММА файтері Қаршыға Дәутбек жапониялық Rizin FF промоушеніндегі келесі жекпе-жегінің қашан және кімге қарсы өтетінін білді. Отандасымыз 18 шілде күні октагонға шығады.
Rizin баспасөз қызметінің мәліметінше, Дәуітбектің қарсыласы жапониялық файтер Кёхэй Хагивара болады.
Жекпе-жек Хиросимада өтеді
Қаршыға Дәутбек пен Кёхэй Хагивара арасындағы айқас Rizin FF — Landmark Vol. 15 турнирі аясында ұйымдастырылады.
Қазақстандық спортшы бұл кездесуге 18 жеңіс және 3 жеңіліс көрсеткішімен келеді. Ал оның қарсыласы Хагивараның кәсіби рекорды — 9 жеңіс және 11 жеңіліс.
Дәуітбек өткен айқаста толық күшін көрсете алмады
Қаршыға Дәутбек соңғы жекпе-жегін 31 желтоқсан күні Сайтамада өткізген. Ол жапониялық Юта Кубомен кездескен еді.
Бірақ бірінші раундта Кубо Дәутбектің көзіне саусағын тигізіп, қазақстандық файтер жекпе-жекті жалғастыра алмады. Соның салдарынан кездесу өтпеді деп танылды.