ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Иван Дычко Ұлыбританияда қарсыласын нокдаунға түсірді (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Борнмут қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

Иван Дычко Ұлыбританияда қарсыласын нокдаунға түсірді (ВИДЕО)
fightmag.com

Бірінші раундта нокдаун жасады

Ауыр салмақта жұдырықтасатын Дычко бұл жолы Харви Дайкспен кездесті. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Иван кездесудің басында-ақ белсенді қимылдап, алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Дегенмен айқас толық он раундқа созылып, жеңімпаз төрешілердің шешімімен анықталды. Нәтижесінде Дычко бөлінген шешіммен жеңіске жетті.

Мансабындағы 16-жеңіс

Осы жеңістен кейін Иван Дычко кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 16 жеңіс, 1 жеңіліс деңгейіне жеткізді. Оның 14 жеңісі нокаутпен аяқталған. Ал Харви Дайкс үшін кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. 

Айта кетейік, Иван Дычко бұған дейін кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісін тіркеген. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында америкалық кіші Джермейн Франклинге төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.