Жалғас Жұмағұловтың титул үшін айқасы нәтижесіз аяқталды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Словакия астанасы Братиславада Oktagon 89 турнирінде өнер көрсетті.

Жалғас Жұмағұловтың титул үшін айқасы нәтижесіз аяқталды (ВИДЕО)
7news.kz

Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды

Жұмағұлов ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы, бразилиялық Игор Севериноға қарсы октагонға шықты. Кездесу чемпиондық мәртебеге ие болып, бес раундқа жоспарланды. 

Бірақ айқас толық аяқталған жоқ. Северино екінші раундта ереже бұзып, қазақ файтерінің шап тұсына соққы жасады. Осыдан кейін Жалғас қажетті уақыт ішінде қалпына келе алмай, кездесуді жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

Төрешілердің шешімімен жекпе-жек “өтпеді” деп танылып, ресми нәтиже тіркелмеді.

Екі дүркін чемпион атану мүмкіндігі кейінге қалды

Осылайша қос спортшының да Oktagon ұйымындағы екі салмақ дәрежесінің чемпионы атану жоспары жүзеге аспады. Игор Северино жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын сақтап қалды. Ал Жалғас Жұмағұлов әлі де аса жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы болып қала береді.

Қазір қазақстандық файтердің кәсіби ММА-дегі көрсеткіші — 19 жеңіс және 9 жеңіліс.