Бағашар Қораласов Fight Nights Гран-приінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Аралас жекпе-жек шебері Санкт-Петербургтегі Fight Nights 138 турнирінде маңызды жеңіске жетті.

Бағашар Қораласов Fight Nights Гран-приінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
instagram/@koralasov_bagashar

ММА-дегі бесінші жеңіс

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Бағашар Қораласов бұл кеште ресейлік Махмуд Акимовпен кездесті. Айқас Fight Nights лигасының Гран-при ширек финалы аясында өтті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық уақытқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандыққа берілді. Осылайша Қораласов кәсіби ММА мансабындағы бесінші жеңісін тіркеді. Енді оның рекорды — 5 жеңіс және 1 жеңіліс.

Ал Махмуд Акимов үшін бұл кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс болды. Оның көрсеткіші — 9 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Fight Nights 138 турнирінде тағы бір қазақстандық шықты 

Айта кетейік, Санкт-Петербургтегі Fight Nights 138 турнирінде тағы бір қазақстандық файтер өнер көрсетті. Кештің басты жекпе-жегінде Гойти Дазаев ресейлік тәжірибелі файтер Сергей Романовтан төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.