Шавкат Рахмоновтың бұрынғы бәсекелесі оңбай "таяқ жеді" (ВИДЕО)
Лас-Вегастағы UFC Fight Night 278 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтың танымал өкілдері Белал Мухаммад пен Габриэл Бонфим октагонға шықты.
Бонфимнің үстемдігі
Басты айқаста америкалық файтер Белал Мухаммад бразилиялық Габриэл Бонфиммен кездесті. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған және толық дистанцияға созылды.
Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Габриэл Бонфимге берді. Үш төреші де 50-45 нәтижесін тіркеді. Осы жеңістен кейін бразилиялықтың кәсіби ММА мансабындағы 20-жеңісін тойлады. Ал Белал үшін бұл аралас жекпе-жектегі алтыншы жеңіліс болды.
Белал Мухаммад бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы болған. Сондықтан оның бұл жеңілісі дивизиондағы жағдайға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Бұл салмақта Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді
Айта кетейік, жартылай орта салмақта жеңілмеген Шавкат Рахмонов та бақ сынайды. “Номад” лақап атымен танымал қазақстандық файтердің кәсіби рекорды - 19 жеңіс, 0 жеңіліс.
Дегенмен Шавкат Рахмонов қазір тізе жарақатының қайталануына байланысты ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ұзақ үзіліске байланысты UFC қазақстандық файтерді рейтингтен алып тастаған.