Дастан Амангелді Еуропадағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Братиславадағы Oktagon 89 турнирінде сәтті өнер көрсетті.
instagram/@dastan__amangeldy
Бұл Дастан Амангелді үшін Oktagon промоушеніндегі екінші жекпе-жек болды. Қазақстандық файтер легионерлік кезеңіндегі кезекті айқаста франциялық Моктар Бенкасиге қарсы шықты. Жеңіл салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланды. Толық уақытқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
Осы нәтижеден кейін Дастан Амангелді кәсіби ММА мансабындағы 11-жеңісіне жетті. Оның жалпы көрсеткіші – 11 жеңіс және 1 жеңіліс.
Сонымен қатар қазақстандық файтер Oktagon лигасындағы мінсіз сериясын жалғастырды. Енді оның бұл ұйымдағы нәтижесі – 2 жеңіс, 0 жеңіліс. Ал Бенкаси үшін бұл кәсіби мансабындағы 11-жеңіліс болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet