ММА-дан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
ММА және панкратион құрамасы Вьетнамның Да Нанг қаласында UWW аясында ұйымдастырылған құрлықтық біріншілікте ересектер арасында да, U-20 жас санатында да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Азиядағы көшбасшылығын дәлелдеді
Қазақстандық файтерлер кезекті рет аралас жекпе-жек пен панкратиондағы жоғары деңгейін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ересектер арасында да, U-20 жасөспірімдер санатында да жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.
Ересектер құрамасының медаль иегерлері
Алтын медаль
- Мансұр Септеген — 57 келі
- Олег Пехотин — 62 келі
- Дінмұхамед Тұрғанбеков — 66 келі
- Марат Әшімтаев — 71 келі
- Аслан Гелогаев — 77 келі
- Эльжан Гасанов — 84 келі
- Абылай Шәкірбеков — 93 келі
- Ағалы Хасанов — 130 келі
- Жансая Ермағамбетова — 65 келі
Күміс медаль
- Ербол Байназаров — 100 келі
- Камила Фазылова — 65 келі
- Аружан Берікбаева — 90 келі
U-20 құрамасының нәтижесі
Жастар да Азия чемпионатында сенімді өнер көрсетті. U-20 санатындағы балуандар мен жекпе-жек шеберлері бірнеше медаль жеңіп алып, ел құрамасының жалпы жеңісіне елеулі үлес қосты.
Алтын медаль
- Әлішер Ақбақытов — 71 келі
- Әлңшер Сәбит — 77 келі
- Нұрғиса Анарбек — 84 келі
Күміс медаль
- Әмір Серік — 71 келі
- Данияр Файзрахманов — 77 келі
- Банихан Дұрсынов — 90 келі
Федерация президенті спортшыларды құттықтады
Турнирден кейін Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев спортшыларды, бапкерлер штабын және өңірлік федерацияларды табысты нәтижемен құттықтады.
"Барлық спортшыларды, жаттықтырушылар штабын, өңірлік федерацияларды және Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының басшылығын керемет нәтижемен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, тәртіптеріңіз және іске деген адалдықтарыңыз елімізге халықаралық аренада тағы бір үлкен жетістік әкелді. Қазақстан — Азиядағы ең мықты команда", — деді Сағындық Мекеев.
Да Нангтағы Азия чемпионаты аясында UWW комитеті мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті. Оған UWW комитетінің мүшелері Гаджи Гаджиев, Төлеген Кумаров, сондай-ақ UWW-дің ММА, грэпплинг және панкратион комитетінің төрағасы Намик Алиев қатысты.
Кездесу барысында биыл қазан айында UWW әлем чемпионатына қатысты мәселелер талқыланды. Нәтижесінде ММА және грэпплингтен әлем чемпионаттарын Астанада күрес бойынша әлем чемпионаты аясында өткізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар тараптар Швейцарияның Лозанна қаласындағы UWW ММА, грэпплинг және панкратион комитеті кеңсесінің алдағы жұмысына қатысты жоспарларды да қарастырды.
Әлем чемпионаты Манамадан Астанаға ауыстырылды
Еске салайық, UWW атқарушы комитеті мамыр айындағы отырыс қорытындысы бойынша күрестен әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған еді.
Бастапқыда турнир Бахрейннің Манама қаласында өтуі тиіс болатын. Бірақ кейін UWW мен Бахрейн күрес федерациясы жарысты басқа қалаға ауыстыру туралы ортақ шешімге келді.
