Ибрагим Бетаев Өзбекстан боксшысынан басым түсті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық боксшы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ибрагим Бетаев Өзбекстан боксшысынан басым түсті (ВИДЕО)
Спортты дамыту дирекциясы

Бетаев 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Самир Собировпен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Ибрагим Бетаев U-23 санатындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль салды. Ал Самир Собиров турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасынан Азия чемпионатының финалына жалпы 13 боксшы жолдама алды. Оның алтауы 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы бәсекеде, тағы жетеуі 23 жасқа дейінгі санатта алтын медаль үшін жұдырықтасты.

Джакартадағы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде аяқталады.