ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстаннан 10 "алтынға" қалып қойды

Бокстан Қазақстан құрамасы Индонезияның Джакартада жасөспірімдер мен жастар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды.

Қазақстан жастар құрамасы Өзбекстаннан 10 "алтынға" қалып қойды
instagram/@boxingkazakhstan

Өзбекстан медаль кестесінде көш бастады

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 30 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 11 алтын, 11 күміс және 8 қола жүлде бар.

Жалпы есепте Өзбекстан құрамасы айқын басымдықпен бірінші орын иеленді. Көршілес елдің боксшылары 21 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль еншіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы алтын жүлделер саны бойынша Өзбекстаннан 10 медальге қалып қойды.

Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді. Олар 5 алтын, 12 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

U23 санатындағы нәтиже

23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады.

Бұл санатта Өзбекстан құрамасы 10 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен көш бастады.

U19 санатында Қазақстан екінші орын алды

19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы жарыста да Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші болды. Қазақстандық жас боксшылар 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленді.

Ал Өзбекстан құрамасы 11 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдемен бірінші орын алды.

Қазақстан атынан 39 боксшы қатысты

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионаты Джакартада 3-16 шілде аралығында өтті.

Қазақстан құрамасы құрлықтық додаға 39 спортшысын апарып, жалпы есепте 30 медальмен екінші нәтиже көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.