Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, екі чемпиондық белбеуді иеленді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Евгений Павлов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жекте колумбиялық Альбейро Паредесті алғашқы раундта нокаутқа жіберді. 

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, екі чемпиондық белбеуді иеленді (ВИДЕО)
NUR.kz

Екі чемпиондық белбеу сарапқа салынды

26 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мэриленд штатында ұйымдастырылған бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы кәсіпқой рингте 14 жеңіс пен екі жеңілісі бар колумбиялық Альбейро Паредес болды.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланды. Жекпе-жекте екі бос чемпиондық атақ: WBC Continental Americas белбеуі және North American Boxing Association чемпиондық белбеуі сарапқа салынды.

Бірақ титулдық айқас толық қашықтыққа созылған жоқ. Евгений Павлов алғашқы үш минуттықта-ақ қарсыласына жойқын соққы жасап, кездесуді нокаутпен аяқтады.

Павловтың жеңіліссіз сериясы жалғасты

Осы жеңістен кейін қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші 12 жеңіске жетті. Оның тоғызын Павлов мерзімінен бұрын аяқтаған.

Евгений Павлов мансабындағы алғашқы маңызды халықаралық белбеулерін иеленіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Ал Альбейро Паредес кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіліске ұшырады.