Жәмила Бақбергенова Будапештте күміс жүлдегер атанды

Спорт шолушысы

Қазақстандық балуан Венгрия астанасында әйелдер күресінен халықаралық рейтингтік турнирде екінші орын алды.

Жәмила Бақбергенова Будапештте күміс жүлдегер атанды
NUR.kz

Екі қарсыласынан басым түсті

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесулер айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасының өкілі алғашқы белдесуінде қырғызстандық Қайыргүл Шаршебаевамен кездесті. Жәмилә қарсыласынан басым түсіп, турнирді жеңіспен бастады.

Ал келесі айналымда үндістандық Дикша Маликті жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Алтын медаль үшін белдесу

Шешуші кездесуде қазақстандық балуан польшалық Виктория Холуймен күш сынасты. Бұл белдесуде еуропалық жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.

Нәтижесінде Жәмилә Бақбергенова Будапешттегі рейтингтік жарысты күміс медальмен аяқтады.