Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан медальдық есепте Өзбекстанға жол берді
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орынға тұрақтады.
Қазақстан 12 жүлде еншіледі
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль иеленді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы алды. Көрші ел жеті алтын, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді.
Қазақстанның Азия чемпиондары
Қазақстан құрамасының сапында бес дзюдошы құрлық чемпионы атанды:
- Ролан Қайырғали — 60 келіге дейін;
- Санжар Ерұланұлы — 100 келіге дейін;
- Айнара Сейітжанова — 48 келіге дейін;
- Нұрбала Зайнұл — 52 келіге дейін;
- Гүлсезім Тұрлыбек — 78 келіге дейін.
Күміс медаль иегерлері
Азия чемпионатының күміс жүлдесін төрт қазақстандық дзюдошы жеңіп алды:
- Ерасыл Ержанов — 66 келіге дейін;
- Мұхамедәлі Зәкіров — 73 келіге дейін;
- Дәмелия Асылханова — 63 келіге дейін;
- Руслана Махатова — 78 келіден жоғары.
Үш қола медаль бұйырды
Қола жүлдеге Айзат Наукенова 48 келіге дейінгі салмақта, Айдана Әбіханова 63 келіге дейінгі салмақта және Шынар Бітімбай 70 келіге дейінгі салмақта місе тұтты.
Айта кетейік, Амманда бұған дейін кадеттер арасындағы Азия чемпионатының бәсекелері аяқталды. Бұл жас санатында да Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алып, Өзбекстанды алға жіберген еді.