ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын белбеуден бас тартуға шақырды

Тараптар жекпе-жектің шарттарын 10 қыркүйек, Атлант стандартты уақытымен 17:00-ге дейін келісіп, WBO-ға ресми келісім ұсынуы тиіс.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын белбеуден бас тартуға шақырды
vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазды міндетті титулдық жекпе-жекке қатысты нақты шешім қабылдауға шақырды.

Қазақстандық боксшы келіссөздердің ұзаққа созылғанына наразылық білдіріп, егер британдық чемпион онымен жұдырықтасқысы келмесе, белбеуді босатуы керектігін айтты.

"Уақытымды жоғалтқым келмейді"

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Ширазға тікелей үндеу жасады.

"Бұл тым ұзаққа созылды. Егер ол жекпе-жекті қаласа, ашық айтып, келісімге келсін. Ал жұдырықтасқысы келмесе, титулдан бас тартуы керек. Мен уақытымды жоғалтқым келмейді", – деп жазды Жәнібек.

Оның мәлімдемесі WBO белгілеген келіссөз мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалғанда жарияланды.

WBO келіссөз мерзімін ұзартқан

WBO бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының промоутері Top Rank пен Хамза Шираздың өкілі Queensberry Promotions тарапына келісімге келу үшін қосымша бір апта берген болатын. 

Тараптар жекпе-жектің шарттарын 10 қыркүйек, Атлант стандартты уақытымен 17:00-ге дейін келісіп, WBO-ға ресми келісім ұсынуы тиіс.

Егер келісім жасалмаса, ұйым жекпе-жекті өткізу құқығына промоутерлік сауда ұйымдастырады.

Жәнібек – Шираздың міндетті қарсыласы

WBO 13 тамызда Жәнібек Әлімханұлын екінші орта салмақтағы чемпион Хамза Шираздың міндетті үміткері ретінде ресми бекітті.

Қазақстандық боксшы бұған дейін орта салмақтағы WBO белбеуінен бас тартып, екінші орта салмаққа көтерілген еді. Осыдан кейін ол бірден Шираздың титулына міндетті үміткер мәртебесін алды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.