ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Әлімханұлы мен Шираз тағы да келісімге келе алмады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз бен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жекке қатысты жаңа шешім қабылдады.

Әлімханұлы мен Шираз тағы да келісімге келе алмады
sportnews.kz

Тараптар келісімге келе алмағандықтан жекпе-жектің тағдырын промоутерлік сауда арқылы анықтау жоспарланып отыр. WBO президенті Густаво Оливьери екі боксшының промоутерлік компанияларына ресми хабарлама жіберіп, аукцион өтетін уақытты белгіледі.

Queensberry Promotions бен Top Rank арасындағы промоутерлік сауда 16 қыркүйекте Пуэрто-Рикодағы Сан-Хуан қаласында, WBO-ның бас кеңсесінде өтеді. Шара жергілікті уақыт бойынша 14:00-де, Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Шираз бен Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты келіссөздер тамыз айында басталған еді. Бірақ тараптарға қосымша уақыт берілгеніне қарамастан екі боксшының ресми өкілдері келісімге келе алмады.

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуіне міндетті үміткер саналады. Ал Хамза Шираз ұйымның екінші орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы. Енді жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік сауда нәтижесінде анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?