Азияның үш дүркін чемпионы әлемді бағындыруға жақындады
Азияның үш дүркін чемпионы Алина Құдайгенова 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.
Ұлыбританиялық боксшыны жеңді
Алина Құдайгенова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Сиобхан Халеймен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Алина Құдайгенова әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кемінде қола жүлде місе тұтты.
Азияның үш дүркін чемпионы "алтынға" таласады
Алина Құдайгенова – Қазақстанның жастар құрамасындағы тәжірибелі әрі атақты боксшылардың бірі. Ол бұған дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарында үш мәрте алтын медаль жеңіп алған.
Құрлықтық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық боксшы енді әлемдік додада да өзінің шеберлігін дәлелдеп келеді. Будвадағы жеңіс оның халықаралық жарыстардағы жетістіктер қатарын тағы бір медальмен толықтырды.
2026 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. World Boxing халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан додаға әлемнің 69 елінен 474 жас боксшы қатысуда.