Дзюдодан ел біріншілігінде кезекті сенсация орын алды
Талғат Орынбасар екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
odo-kures.kz
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар ел чемпионы атағы үшін күресін аяқтады. Шымкент қаласының тумасы екінші жекпе-жекте атыраулық Данияр Құлышовтан ("шидо") жеңіліп қалды.
Бір таңқаларлығы, осының алдындағы белдесуде 19 жастағы Орынбасар былтырғы чемпион Нұрқанат Серікбаевты мерзімінен бұрын ұтып, сенсация жасаған еді.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар кадеттер арасында екі дүркін Азия чемпионы, сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында екі рет қола медаль алған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet