58 жастағы Тайсон соңына дейін тұрып берді
Бүгін АҚШ-тың қаласында кәсіпқой бокстан Майк Тайсон мен блогер Джейк Пол арасында жекпе-жек өтті.
sportnews.24tv.ua
Бүгін АҚШ-тың қаласында кәсіпқой бокстан Майк Тайсон мен блогер Джейк Пол арасында жекпе-жек өтті. 58 жастағы темір Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы шыққан еді. Араға 4 жыл салып әлемнің экс-чемпионы 27 жастағы Полмен жұдырықтасуға шықты.
Жекпе-жек жоспарланған 8 раунд бойы жалғасты. Бірақ төрешілердің шешімімен "темір" Тайсон жеңілді.
Айта кетейік, жекпе-жектен кейін Тайсон 20 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, Пол 40 миллионды қалтасына басады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet