ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Аида Әбікеева мен Виктория Графеева финалға өтті

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Аида Әбікеева мен Виктория Графеева финалға жолдама алды.

Аида Әбікеева мен Виктория Графеева финалға өтті
NUR.KZ

Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта таиландтық Тхананя Сомнуекпен қолғап түйістірді.

Аида жекпе-жек тізгінін бірден қолға алып, бір төрешінің бүйрегі жергілікті боксшыға ауғанымен, айқын басымдық танытты. Бірінші раундта тіркелген 4:1 есебі сақталып қалды.

Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаң иесі Порнтип Буапамен шеберлік байқасты.

Вика бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Нокдаун екінші кезеңде де қайталанғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Тағы бір қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта тағы бір таилық Пунрави Руенроспен жұдырықтасты. Мұнда төрешілер жеңісті түгелдей жергілікті боксшыға берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.