Қазақстан нокаутпен "алтын" иеленді
Қазақ боксшысы Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатындағы финалдық жекпе-жегін өткізді.
Сағындық 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Парвиз Каримовтен басым түсті. Тәжік боксшысы үш рет нокдаунға жіберілгендіктен төреші жекпе-жекті екінші раундта мерзімнен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.
Сағындық Тоғамбай 2022 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері саналады. Бұдан бөлек жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.