Айбек Оралбай құрама қоржынына төртінші "алтынды" әкелді
Боксшымыз финалдық айқаста қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
NUR.KZ
Таиландта бокстан ерлер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы атынан соңғы болып Айбек Оралбай өнер көрсетті.
92+ келі салмақта жұдырықтасатын боксшымыз финалдық айқаста қытайлық Абудурешити Ремуламен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта бес төрешінің бәрі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең де Айбектің жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек қорытындысында Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Жалпы, ерлер командасы сары құрлық біріншілігін 4 алтын, 5 күміс, 1 қоламен аяқтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet