Баходир Жалолов өзіне "осал" қарсылас таңдады
Бокстан екі дүркін олимпиада чемпионы, өзбекстандық даңқты боксшы Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқой боксқа біржола кетті. Жекпе-жегі ақпан айында өтеді.
Өзбек боксшысы 6 ақпанда Монреальда француз Дэвид Спилмонтпен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасады. Ресейлік neKARAte телеграм-каналы француздың әлеуетін бағалап отыр.
"Жалоловқа тағы да ыңғайлы қарсыласт таңдап берген. Ол 25 жекпе-жектің 16-да жеңіп, 8-де жеңілген, 1 рет тең түскен. Сирек кездесетін қапшық. Мұндай бокс спортшыға да, көрерменге де зиян. Эргашев менің сөзімді растайды", - деп жазды канал авторы.
Жалоловтың бұған дейінгі қарсыластарының бәрі кәсіпқой бокста ешқандай нәтижеге жетпеген бейтаныс боксшылар болды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.