Астанада қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирі өтеді
11 қаңтарда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынады.
turkystan.kz
Елдің басты рейтингтік жарыстарында жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта боз кілемге шығады. Олар өз салмақ дәрежесі бойынша "Дала қыраны" титулын сарапқа салып, бас балуан атанады.
Оған қазақстандық белгілі балуандар қатысады. Олардың қатарында әлем чемпионаты және өзге де халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet