Асу Алмабаев UFC-дегі маңызды жекпе-жегіне дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) UFC-дегі бесінші жекпе-жегіне тыңғылықты дайындық үстінде.

Асу Алмабаев UFC-дегі маңызды жекпе-жегіне дайындалып жатыр (ВИДЕО)
kazlenta.kz

Алмабаев пен қазақстандық тағы бір файтер Асқар Жақсылықовтың (5-2) жаттығуын Instagram Dar Team жариялады. “Біздің жігіттер келесі жекпе-жекке бар күшін салып дайындалып жатыр”, - деген жазба қойылған бейнеге.

Асу Алмабаев UFC Fight Night 253 (Лас-Вегас) турнирі аясында 1 наурызда октагонға оралады. Қазақстандықтың қарсыласы әзірге белгісіз. Бұған дейін ең жеңіл салмақта UFC рейтингінде топ-10-ға кіретін файтерлердің бірі болады делінген. Алмабаевтың өзі осы дивизионда сегізінші орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір