Шавкат Рахмонов пен Сұлтан Зәуірбек тұлпар мінді (ФОТО)
Сұлтан Зәуірбек әлеуметтік желіде ат сыйлаған азаматтарға алғысын білдірді.
facebook.com
UFC файтері Шавкат Рахмонов пен кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбекке құрмет ретінде тұлпар сыйға тартылды.
Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек желтоқсанда Ирландияда өткен бокс кешінде WBA Continental чемпиондық титулы үшін шаршы алаңға шыққан еді. Сол кездесуде отандасымыз польшалық Дамиан Вржесинскиді жеңген болатын.
Ал Шавкат Рахмонов та желтоқсан айында ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрриден басым түсті. Осыдан кейін ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орынға көтерілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet