ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Жәнібек Әлімханұлы: Маған абсолютті чемпион атағы керек

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті чемпион атануды көздейді. 

Жәнібек Әлімханұлы: Маған абсолютті чемпион атағы керек
фото ашық дереккөздерден алынды

Бұл жөнінде қазақстандық  кәсіпқой боксшы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

“Маған абсолютті әлем чемпионы атағы керек. Тездетіп соның әрекетін жасайық”, - деді Жәнібек. 

Сонымен қатар ол Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Сауд Арабиясының Ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхті белгілеп кетті. Бұған дейін Әлімханұлының көктемде, нақтырақ айтқанда, наурыз айында жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын. Бірақ әзірге қарсыласы туралы ақпарат жоқ. Белгілісі – Жәнібек Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жегінің жеңімпазымен немесе Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы мүмкін.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарына қорғауы қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.