ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Владимир Кличко "әлемнің ең қарт чемпионы" атануды көздейді

Соңғы рет 2017 жылы жекпе-жекке шыққан украиналық кәсіпқой боксшы жақында шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін. 

Владимир Кличко "әлемнің ең қарт чемпионы" атануды көздейді
sport24.ua

Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша WBA, IBF, IBO және WBO чемпионы болған украиналық Владимир Кличко шаршы алаңға оралуы мүмкін. Мұндағы мақсат - 48 жастағы спортшы даңқты Джордж Форманның рекордын жаңартқысы келеді. 

Танымал промоутер Том Леффлер ESNEWS YouTube-каналына берген сұхбатында осылай деді. 

"Ол қазір 48-де, наурызда 49 жасқа толады. Форманның рекордың қазір тек Кличко ғана жаңарта алады. Әрине, оның қарсыласы Усик болмайды. Владимир үшін қалай ыңғайлы болатынын алдағы уақытта көреміз", - деді Леффлер.

Айта кетейік, Джордж Форман 45 жасында аса ауыр салмақта екі бірдей чемпиондық титулды алып (WBA және IBF), "әлемнің ең қарт чемпионы" атанған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.