Екі қазақ боксшысы Өзбекстан чемпионы атанды
Ташкентте бокстан өткен Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ алтын медаль жеңіп алды.
Мадияр Данияров 60 келіге дейін салмақ дәрежесінің ақтық жекпе-жегінде Шохрух Абдумаликовты тізе бүктірсе, ал 63,5 келіде әлем және Азия чемпионы Руслан Абдуллаев Адхамжон Мухиддиновтан мықты болды.
Тағы қос этникалық қазақ — Мадияр Саидрахымов (92 кг) пен Арман Маханов (+92 кг) күміс медаль иегерлері атанды. Саидрахымов шешуші айқаста Турабек Хабибуллаевке жол берсе, Маханов Джахонгир Зокировтен жеңіліп қалды.
Еске сала кетсек, биылғы Өзбекстан чемпионатында он бес этникалық қазақ өнер көрсетті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.