Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстан таеквондо федерациясы жылдың ең үздік спортшыларына дәл осындай атаумен арнайы сыйлық табыстамақ.
Бастама алғаш рет қолға алынып тұр. Жыл үздіктерін марапаттайтын салтанатты шара 1 ақпанда Астанада өтеді.
“Қазақ елінде таеквондоның таралуына үлес қосқан және жетістіктердің жақсаруына мұрындық болған ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында осындай жүлде дайындадық. Аталмыш іс-шара жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылып, таеквондоның Қазақстандағы дамуына тікелей әсер ететін және осы спорттың құндылығын арттыратын жоба боларына сенім білдіреміз” - делінген Қазақстан таэквондо федерациясы таратқан хабарламада.
Жалпы соңғы кезде отандық таеквондода үлкен өзгерістер болып жатыр. Париж олимпиадасынан кейін ұзақ жылдар бойы тапжылмай отырған басшысы Вячеслав Ким өз еркімен отставкаға кетті. Оның орнына Құдірет Игнатұлы келді. Алғаш рет Қазақстан чемпионатына шетелдік төрешілер шақыртылып, жарыс ашық әрі әділ өтті.
Бұған қоса, алғаш рет бас бапкерге іріктеу жарияланды. Яғни бұрынғыдай басшы қалаған адамды тағайынған жоқ. Арнайы байқау ұйымдастырылып, оған 8 үміткер қатысты. Араларынан Есбол Сұлтановтың кандитатурасы лайық деп танылды.