Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас табылды
Ол рингке 14 рет шығып, бәрін де жеңіске жеткен.
baigenews.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қарсылас табылды. Бұл туралы Ulyssport.kz хабарлады.
LDUBB YouTube-арнасының авторы Буг Уильямс пікірінше, орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек (16-0, 11 КО) үшін қазіргі уақытта ең жақсы қарсылас америкалық боксшы Трой Айсли (14-0, 5 КО).
Жуырда инсайдер Дэн Рафаэль таратқан ақпар бойынша, отандасымыз британдық Шакил Томпсонмен (13-0, 9 КО) жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Ол сәуір, мамыр айларында өтуі мүмкін.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet