Тайсонды жеңген блогер енді туған ағасымен жұдырықтаспақ

Сарапшы, спорт журналисі

Жекпе-жек наурыздың 27-сіне жоспарланған. 

Тайсонды жеңген блогер енді туған ағасымен жұдырықтаспақ
voi.id

Америкалық танымал блогер Джейк Полдың келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды. Бұл жолы ол өзінің туған ағасы Логан Полмен төбелеспек. Жекпе-жек 27-ші наурызда өтеді. Бұл туралы блогер-файтер Логан Полдың өзі хабарлады.

"Сіздер он жыл бойы күткен сәт... 27-ші наурыз", - деп жазды Логан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, былтыр қарашада Джейк Пол төрешілердің бірауыздан шешімімен аты аңызға айналған Майк Тайсонды жеңген еді.

Өз кезегінде Логан Пол UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегормен жұдырықтасуы керек-тін. Алайда аталған промоушнның позициясына байланысты жекпе-жек өтпей қалды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір