
Қазақстандық спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковаға қарсы шаршы алаңға шыққан болатын.
Қазақстандық боксшы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 кг) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді. Бұл туралы 24KZ хабарлады.
«3 күндей күтіп қалдық. Жалпы, күнде жекпе-жек болмаған соң салмақ ұстау сәл шаршатып жіберді. Күнде жаттығу. Бірақ барлығы жақсы. Бірінші раундта енді кішкене ойнайын дедім. 1-2 раундтарда шаршаған жоқпын. Үшінші раундта кішкене темп қосқаннан кейін кішкене сезілді. Темп қосып едім, бірден есеп ашып тастады», - деді Назым Қызайбай.
1/8 финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковамен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Еске сала кетейік, бұл турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының бірнеше өкілі жүлдеге таласып жатыр. Назым Қызайбай бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған болатын (2014, 2016).