Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

UFC президенті қазақстандық дебютанттың әсерлі нокаутына реакция білдірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 07:38

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожайдың (10-0) UFC-дегі дебютіне санаулы күндер қалды. Осыған орай "UFC Eurasia" телеграм-арнасы оның былтырғы керемет жеңісінің видеосын қайта жариялады. 

championat.com
championat.com

2024 жылдың қазан айында Дияр Нұрғожай Дана Уайттың Үміткерлер сериясында (DWCS) Польшадан келген Бартош Шевчикті әсерлі хайкикпен нокаутқа жіберген. Қарсыласын құлатқаннан кейін партерде соққыларын жалғастырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Видеода UFC президенті Дана Уайттың қазақстандық файтердің эмоционалды жеңісіне таңданысын жасырмағанын көруге болады. Ол бұл сәтке өзіндік реакция білдіріп, жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болды.

UFC-дегі алғашқы жекпе-жек қашан өтеді?

Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 15-16 наурыз күндері өтетін Fight Night 254 (UFC Vegas 104) турнирінде болады. Оның қарсыласы тәжірибелі бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір