Қазақстандық боксшы қыздар 2025 жылғы ӘЧ қанша сыйақы алды?
Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл байрақты бәсекеде жоғары нәтижеге жетті.
kazsports.kz
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы саны 6 медаль жеңіп алды:
- 3 алтын
- 2 күміс
- 1 қола
Әлем чемпионатының жүлдегерлері мен чемпиондары үшін Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) келесі көлемде қаржылай сыйақы бөлді:
Алтын медаль – 100 000 доллар
Күміс медаль – 50 000 доллар
Қола медаль – 25 000 доллар
Ширек финалистер – 10 000 доллар
Қазақстандық төрт боксшы ширек финалда тоқтағандықтан, олардың әрқайсысы 10 000 доллардан алды. Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында 465 000 доллар (232,5 миллион теңге) табыс тапты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet