Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тағы бір қазақ бокстан әлем чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Ресейде туған былғары қолғап шебері финалда 5 дүркін чемпионды тізе бүктірді.

Тағы бір қазақ бокстан әлем чемпионы атанды
matchtv.ru

Этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. 

81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Салтанат финалда Түркия өкілі Бюшра Ишилдармен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Омбының тумасы төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды. Қорытынды есеп – 4:1.

Қарсылас кім болды?

  • Ишилдар жастар арасында Еуропаның 5 дүркін чемпионы.
  • Ересектер арасында кәрі құрлық додасының қола жүлдегері. 

Өз кезегінде Ресей боксшысы бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Ал 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 39
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір