Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

9 жылдан кейін шырқалған әнұран: Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ қалай өтті? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.03.2025, 04:32

Қазақстан Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алты жүлде жеңіп алды. 

Instagram/@qaz_team_official
Instagram/@qaz_team_official

Қазақстандық арулар әлемдік додада үш алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді:

Алтын жүлдегерлер:

  • Назым Қызайбай (48 кг)
  • Алуа Балқыбекова (50 кг)
  • Аида Әбікеева (63 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Виктория Графеева (60 кг)
  • Елдана Тәліпова (81+ кг)

Қола жүлдегер:

  • Наталья Богданова (70 кг)

Бұл нәтижемен Қазақстан құрамасы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Ресей құрамасы жеңіп алды. Олардың қоржынында жеті медаль бар:

  • 4 алтын
  • 1 күміс
  • 2 қола

Алтын медаль алған елдердің қатарында Солтүстік Корея, Марокко, Сербия, Түркия және Қытай да бар.

Жүлде қоры:

1-орын - 100 мың АҚШ доллары

2-орын - 50 мың АҚШ доллары

3-орын - 25 мың АҚШ доллары

Ширек финалистер - 10 мың АҚШ доллары

Қандай ерекшеліктер болды?

  1. Қазақстан, Сербия, Ресей, Өзбекстан елдері ғана барлық салмақта 12 боксшысын жарысқа қосты. Жалпы 51 мемлекет қатысты.
  2. Назым Қызайбай әр әлем чемпионатында Қазақстан әнұранын бірінші болып шырқатты. 
  3. Назым Қызайбай - Қазақстан бокс тарихындағы алғашқы 3 дүркін әлем чемпионы атанды.
  4. Әлем чемпионатына қатысқан 3 боксшымыз жүлдегерлердің қатарына кірді.

Қазақстан құрамасының арулары әлем чемпионаты барысында 35 жекпе-жек өткізіп (Еуропа - 16, Азия - 10, Африка - 4, Оңтүстік Америка - 2, Солтүстік Америка - 2, бейтарап - 1), оның 26-сында жеңіске жетті. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин қыздар арасындағы әлем чемпионатын былайша қорытындылады: 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір