Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Иран Қазақстанның "алтынға" деген үмітін үзді

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 22:45

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуан Омар Сатаев алтын медаль үшін белдесуде қарсыласына жол берді. 

kazsports.kz
kazsports.kz

82 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Сатаев ирандық балуан Мұхаммед Әзиз Нагусимен күш сынасты. Жекпе-жек тартысты өткенмен, шешуші ұпайларды ирандық спортшы еншілеп, кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Осылайша Омар Сатаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея және Жапония өкілінің жауырынын жерге тигізген.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі. 

Ал Омар осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өзге де балуандары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:

  • Ибрагим Магомадов (77 кг) — қола медаль
  • Шамиль Ожаев (87 кг) — қола медаль
  • Әлімхан Сыздықов (130 кг) — күміс медаль.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір