Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бес балуан, нөл медаль: Қазақстан қыздары Азия чемпионатында неге сүрінді? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.03.2025, 10:30

Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының бес балуаны бозкілемге шықты. Өкінішке қарай ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады.

фото ҚР Спортты дамыту дирекциясы
фото ҚР Спортты дамыту дирекциясы

ҚР әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев спортшылардың бұл нәтижесін төмен бағалап отыр.

"50, 55, 59, 68 және 76 келі салмақта бес балуанымыз күресті. Бірде-бірі жүлдеге ілікпеді. Қола медаль үшін белдескен балуандарымыздың арасында Светлана Анкичева моңғол спортшысына, Ирина Казюлина (68 кг) — үндістандық балуанға, ал Гүлдана Бекеш (59 кг) — қытай қызына жол берді. Бәрі де өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмады. Мүмкін, бұл психологиялық сенімсіздікке байланысты болар. Кешенді техникалық, тактикалық және физикалық дайындық жоспарға сай өтті. Ал тәжірибелі балуан Эльмира Сыздықова (76 кг) кореялық қарсыласымен күресте жіберген қателіктері салдарынан жеңіліс тапты", — деді Сағадиев.

Жекелей нәтиже: кім-кімге жол берді?

  • Эльмира Сыздықова (76 кг) — бірінші айналымда КХДР өкілі Ми Хянг Кимге жеңілді.
  • Зульфия Яхъярова (55 кг) — алғашқы белдесуде моңғол балуаны Отгонтуей Баянмунхқа есе жіберді.
  • Светлана Анкичева (50 кг) — қола үшін таласта Мунхар Баямбасуренге (Моңғолия) жол берді.
  • Гүлдана Бекеш (59 кг) — үшінші орын үшін өткен белдесуде Менгуй Ксиеге (Қытай) қарсы тұра алмады.
  • Ирина Казюлина (68 кг) — қола медаль үшін күресте үндістандық балуанға жеңілді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір