Конор МакГрегор қамаудан аман қалды ма? Ирландия күтпеген шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Ирландияның Бас прокуратурасы UFC ұйымының бұрынғы қос салмақтағы чемпионы Конор МакГрегорға қатысты қылмыстық іс қозғаудан ресми түрде бас тартты. 

Конор МакГрегор қамаудан аман қалды ма? Ирландия күтпеген шешім қабылдады
rbc.ru

МакГрегорға елде ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айып тағылуы мүмкін еді. Алайда прокуратура оның әрекетін қылмыстық құрамға жатпайды деп тапты.

Ирландияның ұлттық полициясы тергеу жүргізіп, жиналған материалдарды Бас прокурордың қарауына жолдаған. Бірақ Irish Mirror басылымының мәліметінше, прокуратура ешқандай айып тағуға негіз жоқ деген шешім шығарған.

Бұған дейін ирландиялық БАҚ-та Конор МакГрегор мигранттарға қарсы пікірлер айтқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген болжамдар тараған болатын.

Айта кетейік, Конор МакГрегор өзінің саяси амбициясы жайлы да ашық айтып жүр. Ол болашақта Ирландия президенті болуға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір