Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Ол кім өзі, шахматшы ма?". Махмұд Сабырханның қарсыласы қазақстандықтарды күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 08:36

Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Махмұд Сабырханның қарсыласы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, күлкіге ұшырады. Оның сырт келбеті мен имиджі спортсүйер қауымды таң қалдырды.

Instagram/@qazsport_official
Instagram/@qazsport_official

Сабырханның қарсыласы соңғы сәтте ауысты

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жүрген Махмұд Сабырхан бастапқыда Колумбиядан келген Николас Тордесильямен (2-0, 2 КО) кездесуі керек еді. Бірақ қарсылас соңғы сәтте турнирден бас тартты. Оның орнына рингке 19 жастағы вьетнамдық Дак Данг Хайнх (2-1, 2 КО) шығады.

Жас боксшының көзілдірікпен келгені мен сырт келбеті қазақстандық жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырды. Бұл әсер күлкі мен иронияға толы болды.

Әлеуметтік желіде қызу пікірлер жазылды

Instagram желісіндегі @kzsports парақшасында Сабырханның қарсыласы туралы түрлі қалжың пікірлер жазылды. Міне, солардың ең әсерлілері:

"Ата-анасы баласының немен айналысатынын біле ме өзі?" 

"Мына баланы AliExpress-тен таптыңдар ма?" 

"Бұл бала математика олимпиадасына келгендей көрінеді" 

"Ол шахмат ойнауға келді деп ойладым" 

"Махмұд, мына балаға жұдырық жұмсауға дәтің бара ма?" 

"Көзілдірігін шешсе, рингте көрмей қалмай ма?" 

"Қайтар да, ұрысып жібер. Болды, сол жеткілікті!" 

"Сендер осыны қарсылас деп таңдадыңдар ма?" 

"Ол Counter-Strike ойнап отырған балаға ұқсайды" 

"Қай сыныпта оқиды өзі? Аудандық жарысқа жіберсеңдерші" 

Жанкүйердің үміті – нағыз тартыс

Көптеген жанкүйерлер жекпе-жектің алдын ала нәтижесі белгілі болып тұрғанына қынжылды. Олар шынайы спорттық интрига мен бәсекелестікті күтті. Сабырханның қарсыласының дайындық деңгейі мен сырт бейнесі жұртты күлдірсе де, кейбірі бұл жайттың кәсіпқой бокс беделіне әсер ететінін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір