Барлық жаңалықтар
"Қайрат" - "Жеңіс": ҚПЛ матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан Премьер-Лигасының кейінге қалдырылған сегізінші турының матчтында алматылық «Қайрат» өз алаңында астаналық «Жеңіспен» кездеседі, деп хабарлайды Penalty.kz
Таңертеңгі бір стақан су: үлкен сергектікке бастайтын кішкентай әдет
Күніңізді сергек әрі артық күйзеліссіз бастауға көмектесетін қарапайым ритуал бар – оянған сәтте бір стақан су ішу. Бұл әдет зат алмасуды іске қосады, түнгі ылғал жоғалтуды толтырады және таңертеңге қуат сыйлайды.
"Реалға" қарсы халықтың қолдауы қажет
30 қыркүйек. 21:45. Алматының Орталық стадионы. Бұл күнді әр қазақстандық жанкүйер күнтізбесінде қызылмен белгілеуі тиіс. Қонаққа «Қайратқа» әлемдік футболдың бет-бейнесін ондаған жылдар бойы анықтап келе жатқан мадридтік «Реал» келмек!
Қазақстандық «Аватар» бірінші раундта «Қоқан арыстанын» жеңді
Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Саят «Аватар» Әбдуали (9-0) Өзбекстан астанасында өткен Octagon 79 турнирінің басты айқасында өнер көрсетті.
Жалғас Жұмағұлов титулын қорғауға дайын
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (18-9) өзінің келесі айқасының уақытын және қарсыласын ресми түрде хабарлады.
Қазақстандық файтер Ташкентте өзбек қарсыласын жеңді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Рамазан Амангелді (5-1) Ташкенттегі Octagon 79 турнирінде жергілікті Фархад Ергишбаевты (4-3) айқын жеңді.
Белгілі тележүргізуші «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы үшін сынға ұшырады
Қазақстандық танымал тележүргізуші әрі журналист Диана Скатова «Қайрат» – «Ақтөбе» кездесуінен кейінгі пікірінен соң үлкен дау тудырды.
«Барыс» NHL-ден жаңа қорғаушыны қатарға қоспақ
Астаналық «Барыс» 32 жастағы канадалық қорғаушы Тайлер Уотерспунды сапына қосуға дайындалып жатыр.
Александр Усик Төрехан Сабырханды мақтады
Абсолютті әлем чемпионы, суперауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионатына арнайы шақырылған құрметті қонақ болды.
"ХХІ ғасырдағы тұңғыш чемпион: Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады
Отандасымыз грек-рим күресінен кейінгі 26 жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын.
Әлем чемпионына $10 мың?! Қуат Хамитов әділетсіз сыйақыны сынға алды
Жуырда Айдос Сұлтанғали Загребте грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 26 жылдан кейін алғаш рет алтын медаль салған еді.
Геннадий Головкин – World Boxing президенттігіне басты үміткер
Әуесқой бокста кадрлық ауыс-түйістер күтілуде. World Boxing ұйымының қазіргі президенті Борис ван дер Ворст екінші мерзімге кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Жаңа президентті сайлау қараша айында федерация конгресінде өтпек.
«Қызылорда Арена»: Неге жаңа стадион Еурокубок матчтарын қабылдай алмайды?
Қызылорданың жаңа стадионы жанкүйерлерді қуантқанымен, «Қызылорда Арена» УЕФА-ның 4-санат талабына сай емес екені белгілі болды.
"Достың қолдауы өлшеусіз". Асхат Тағыберген желіде жақындарына жазба жариялады
Танымал футболшы жуырда ғана "Астанаға" қарсы ойында алаңнан қуылған еді.
«Қайрат» – «Реал» матчы: Назарбаевтар отбасы жайлы қауесетке клубтың жауабы
Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы 30 қыркүйекте Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал» матчын тамашалауға келеді деген ақпарат тарады.
Белгілі журналист Александр Бубликті жерден алып, жерге салды
Қазақстандық журналистикада танымал қаламгер Сәби Байбосынов елдің бірінші ракеткасы Александр Бубликке сын айтты. Ол теннисшінің соңғы әрекеттерін сынап, ұлттық құрамадағы болашағына күмән келтірді.
Шерхан Қалмырза жүрек қалауын Самат Смақовтың отбасынан тапты (ФОТО)
Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза футбол алаңынан тыс жерде де ел назарында. Жас қақпашы Чемпиондар лигасындағы дебютімен тарихқа енгеннен кейін жеке өміріне қатысты жаңалық та белгілі болды.
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы "алтын" үшін 15 мың доллар алады
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Месси дубль мен нәтижелі пас беріп, «Интер Майамиге» жеңіс сыйлады
АҚШ-тағы MLS чемпионатында өткен кезекті турда «Интер Майами» өз алаңында «Ди-Си Юнайтедті» қабылдап, тартысты ойында жеңіске жетті.
Өзбекстаннан шыққан қазақ боксшысы кәсіпқой рингте қиындыққа тап болды
АҚШ-тың Индио қаласындағы Fantasy Springs Casino аренасында этникалық қазақ, Өзбекстан боксшысы Руслан Абдуллаев (3-0, 1 КО) кезекті кездесуін өткізді. Ол америкалық Кевин Джонсонды (12-8, 8 КО) ұпай санымен жеңді.