Әнші UFC жұлдызы Конор Макгрегорды айыптап оның жалаңаш фотосын жариялады
АҚШ рэп-орындаушысы Азилия Бэнкс ирландиялық файтер Конор Макгрегорды онлайн дәмешілді жасады деп айыптап, оның интимдік суретін жария етті.
Асу Алмабаев жаңа қырынан танылды (ВИДЕО)
Қазақстандық UFC жұлдызы Асу Алмабаев өзінің жаңа амплуасындағы дайындығын көрсетіп, Instagram парақшасына ерекше видео жүктеді.
Андрей Мартин "Астанадан" кейінгі эмоциясын жасыра алмады (ВИДЕО)
"Ордабасы" бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында "Астанаға" қарсы маңызды жеңістен кейін (1:0) ойыншыларға эмоцияға толы сөз арнап, жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Әлем чемпионы Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстай ма?
Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лёв Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға жақын.
Жұлдызды шабуылшы ұлттық құрамаға тыйым салынғаннан кейін күтпеген клубқа ауысты
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тайнан кәсіби мансабын "Семей" футзал клубында жалғастырады.
Александр Овечкинге NHL рекорды үшін көлік сыйға тартылды
Мәскеудегі "ЦСКА Аренада" өткен қайырымдылық хоккей матчында хоккей әлемінің жарық жұлдыздары бас қосты. "Жыл матчы" деп аталған бұл кездесуде NHL (Ұлттық хоккей лигасы) мен KHL (Құрлықтық хоккей лигасы) ойыншылары өзара бақ сынасты.
Қазақстандық балуан керемет стильде Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатында (U20) еркін күрес шебері Едіге Қасымбек 125 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
"Тобыл" камбэк жасап үздік үштікке енді (ВИДЕО)
Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында көкшетаулық "Оқжетпесті" жеңіп, турнирлік кестеде үздік үштікке көтерілді.
Месси МЛС сұрмергендер тізімінде көш бастады
"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси Амери MLS чемпионатында үздіктер қатарына қайта шықты. 38 жастағы аргентиналық супержұлдыз "Нэшвиллге" қарсы дубль жасап, маусымдағы 16-голын тіркеді.
"Зенит" ойыншысы Нұралы Әліпты "мазақ" етті (ВИДЕО)
"Зениттің" жаттығуында қызықты жағдай болды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл сәттің басты кейіпкеріне айналды.
Сауль "Канело" Альварес Усиктің жеңісіне 240 миллион тікті
Абсолютті чемпион Сауль Альварес алдағы Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы реваншқа өз болжамын жасап, украиналық боксшының жеңісіне ірі көлемде бәс тіккен.
ЦСКА көшбасшысы Аббосбек Файзуллаев басқа клуб таңдады
Ол түркиялық "Истанбул Башакшехир" клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Допингпен ұсталған қазақ боксшысы өзбек қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Саматәлі Төлтаев (6-0, 3 КО) Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде басты жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы Өзбекстаннан келген тәжірибелі Абдулазизбек Нажмиддинов (11-2, 9 КО) болды. Жекпе-жек жеңіл салмақтағы UBO тұжырымы бойынша әлем чемпиондық белдігі үшін өтті.
Бақтиер Зайнутдинов "Спартакқа" барудан бас тартты
Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташтың" жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресейдің аты аңызға айналған "Спартак" (Мәскеу) клубына ауысудан бас тартқаны белгілі болды.
Абылайхан Жүсіпов: "Бұл жеңіліс емес, бұл — әділетсіздік!"
Астанада бокстан өткен әлем кубогында Абылайхан Жүсіпов өз жекпе-жегінің нәтижесіне наразылық білдірді.
Cуперкласикода трибунаға от шашатын құрал лақтырылды (ВИДЕО)
Монтевидеодағы "Пеньяроль" мен "Насьональ" арасындағы қарымта матч кезінде қауіпсіздік қызметкері жарақат алды.
"Қорқақ!" – Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионына ашық түрде сес көрсетті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Доминикан Республикасынан шыққан WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеске ашық мәлімдеме жасады.
Өзбекстан мақтанышы, екі дүркін Олимпиада чемпионы спорттан қуылды
Әлемдік таэквондо аренасында сенсация тіркелді. Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) өзбекстандық таэквондошы, Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитовқа қатысты күтпеген шешім жариялады. Бұл жаңалық спорт әлемін дүр сілкіндірді.
"Реал Мадридтің" масқарасы: "ПСЖ" алғашқы таймда-ақ финалға шығып қойды (ВИДЕО)
АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында "ПСЖ" "Реал Мадридті" тас-талқан етті.
Нұрбек Оралбай француздан неге жеңілді? — Буданбеков жауап берді
Астанадағы бокстан әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының өнері көпшіліктің назарында болды. Осы орайда ел құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков жарыс нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, Оралбай бауырлардың көрсеткен деңгейін саралады.